Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда кикбоксинг чемпионаты оздырылды

c 18:21, 12/02/2018 c 968

0:00 / 0:00

Орал қаласында кикбоксингтен ересектер мен жасөспірімдер және қыздар арасындағы БҚО чемпионаты болып өтті. Жарысқа аудандарда және қала ішілік спорт мектептерінде тәрбиеленіп жатқан жастар қатысып, шеберліктерін сынасты. Жас та болса, талай шаршы алаңның шаңын қаққан спортшылар чемпионатқа тас түйін дайын келген.

Облыстық деңгейдегі чемпионат оқушылар сарайының спорт залында өтті. Жастайынан шаршы алаңда шынығып өскен 75 жас спортшы жекпе-жекте шеберлік сынасты. Кикбоксинг бойынша арнайы дайындайтын бөлімдер осыдан 3 жыл бұрын пайда болған еді. Солардың бірі Казталов ауданында жұмыс жасауда.

Кикбоксингтен дене жарақатын алу қаупі жоғары. Сондықтан спортшы шабуылдаумен бірге қорғана да білуі керек. Соған қарамастан қыз балалар арасында да спорт жақсы дамуда. Ал жасөспірімдер былғары қолғап түйістіріп, жекпе-жекке шығуға ерекше құмартады.

Спорттың бұл түрі асқан шыдамдылық пен табандылықты талап етеді. Қарсыластарына дес бермей, мықтылығымен көзге түскен чемпионат жеңімпаздары республикалық деңгейдегі додаға қатысуға жолдама алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.