Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

77 жастағы бағбан иристің 230 сұрпын өсіріп отыр

c 18:00, 12/06/2018 c 905

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласының ардагерлер кеңесі гүлдер бағын өсіруші 77 жастағы Валентина Шаринаға қонаққа барды. Зейнеткер 35 жылдан бері құртқашаш гүлдерін өсірумен айналысады екен. Ауласында ирис гүлдерінің 230 сұрыпын өсіріп отырған зейнеткердің еңбегі көпшілікті таңқалдырды.

Валентина Шаринаның гүл өсіру сүйікті ісі екен. Бұдан бөлек зейнеткер іс тігетін цехта жұмыс жасайды. 77 жасқа толса да ирис гүлдерін баптауды қиынсынбайды. Керісінше, бар сүйіспеншілігімен гүлдерін мәпелеп, шаршағанын ұмытады. Балаларымен қария Жұлдыз шағын ауданындағы жеке үйде тұрады. Бұрын Валентина Шарина Диана тігін фабрикасын басқарған. Алғашқы рет осындай бақты іс сапарда жүргенде көріп, өзі өсіруге бел байлайды.

35 жылдан бері ирис гүлдерінің құпиясын зерттеп, сұлулығына тамсанған зейнеткер қызылды, жасылды, алуан түсті гүлдерімен қонақтарын таңғалдырады. 20 соты0 алқапты бақта ирис гүлінің 230 сұрыпы өсірілген. Қалалық ардагерлер кеңесінде 10 мың жарымдай қария болса, олардың біразы бүгін Валентина Шаринаның бағында серуендеп, ауладағы асханадан дәм татты.

Ардагерлер кеңесінің мүшелері жастарына қарамастан қоғам үшін маңызды шараларға атсалысуға тырысып келеді. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға да олар өз үлестерін қосып бағуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.