Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда есірткімен айналысқан мұғалімнің үстінен іс қозғалды

c 20:13, 29/03/2018 c 671

Орал қаласында №3-ші мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімін есірткімен қолға түсірді. Бұл жөнінде Ішкі істер басқармасы хабарлады. Қазір мұғалім жұмыстан шығарылған. Күдіктіні 23-наурыз күні өз үйінде ұстапты. Сот оны 2 айға тергеу ісіне байланысты қамаққа алу туралы шешім шығарып, үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 297 бабының 1 тармағы бойынша іс қозғап отыр.

-"Орал қалалық ІІБ тергеу бөлімінің өндірісінде есірткі затын заңсыз тасымалдаумен айналысқан бір азаматқа қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті деп танылған 32 жастағы Орал қаласының азаматы қала аумағында қағазға оралған, кептірілген есірткі затын сату үстінде ұсталды. Нақтырақ айтсақ, (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту, не өткізу) мақсатындағы әрекеті үшін айыпты деп танылды",-дейді Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметкері Гүламан Исмагулова.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.