Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда бұрынғы ата-енесін өлтірген адамның ісі қаралуда

c 12:11, 19/07/2018 c 793

0:00 / 0:00

Орал қаласында бүгін бұрынғы ата-енесін өлтірген Рустам Дәулетшиннің ісі қаралды. Естеріңізге сала кетейік, 10-мамыр күні ол Ақсай қаласынан келіп, заңсыз сақтап жүрген қаруымен бұрынғы ата-енесін атып өлтірген болатын. Соттан зардап шегуші Абдрахмановтар отбасы қылмыскерге ең ауыр жаза қолдануды сұрады. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы келесі сот процесі алқа билердің қатысымен өтетінін мәлімдеді.

Рустам Дәулетшин әйелінен біраз жылдан бері бөлек тұрады. Арада дүниеге келген ұлын үнемі көріп, кездесіп жүретін болған. Алайда Абдрахмановтар отбасымен арада қандай дүрдараздық бары беймәлім, ол 10-мамыр күні Ақсайдан қалаға келіп, бұрынғы ата-енесінің үйіне бет алған. Кешкі уақытта қағылған есікті бұрынғы жарының анасы ашады. 2017-жылы алып, сақтап келген қару-жарағын сөмкеге салып, сол жерде оқтаған. Сөйтіп өзін қарсы алған бұрынғы қайын енесіне оқ атқан.

Айгүл Молдағалиева,
БҚО прокурорының көмекшісі
1 метр 20 см жерден әйелдің жанды жері,кеудесінің сол жағынан атқан. ол сол жерде қайтыс болады. Дәулетшин қайын атанасына "Мен сенің әйеліңді өлтірдім"- деп айқайлайды. Сол кезде есіктен шыққан ер адамға да оқ атқан. Дәулетшин 2 және одан көп адамды асқан қатыгездікпен қасақана өлтіру фактісімен, ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлімінің , 1 және5 тармағы бойынша айыпталып отыр.

Осылайша ер адам өзінің 7 жасар ұлының көз алдында ата-әжесін өлтіріп, бір отбасыны ойрандап кетеді. Бір күнде әке-шешесінен айрылып, қайғыдан қан жұтып жүрген зардап шегуші Дәулетшиннің бұрынғы әйелі Надия Абдрахманованың сот процесіне 92 жастағы атасы, ҰОС ардагері келіп қатысып, қолдау білдірді.

Сотталушы өз кінәсін мойындағанымен айыптаулармен келіспейді.

Рустам Дәулетшин,
сотталушы
Мені халық түсінеді деп ойлаймын. Осы оқиғаға кім кінәлі, кім түрткі болғанын ,не итермелегенін білсін. сот процесі кезінде бәрін айтып беремін.

Келесі сот процесі 1-тамыз күні өтеді. Сот процесі алқа билердің қатысымен оздырылмақ. Естеріңізге саламыз, Дәулетшин оқ атқан қарудан бұрынғы әйелінің 60 жасар анасы сол жерде көз жұмды. Ал 67 жастағы әкесі ауруханада жатып, арада екі апта өткен соң қайтыс болды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.