Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда әйелдер кеңесі бизнеске белсенді бет бұруға көмектеседі

c 18:10, 24/05/2018 c 931

Аймақтағы ең белсенді деген нәзік жандылар өз қаржылық жағдайларын жақсарту үшін бір командаға біріккен. Жиын кезінде барлық қатысушылар тәжірибелерімен алмасып, енді ғана іс бастаған жандарды алға қойған мақсаттарын орындауға жетелейді.

БҚО-да кәсіпкерлерік саласында әйелдер саны артып келе жатқаны аңғарылып отыр. Олардың көбі ақпараттық қолдау алу үшін Қазақстанның іскер әйелдері кеңесіне енуге ынталы. Айта кетейік, нәзік жандыларға гранттардан бастап салық, кеден заңдары саласында кеңес беруге дейінгі қызметтер көрсетіледі.

-"Бүгінгі күні облыста 5 мыңнан аса әйел кәсіпкер тіркелген. Олардың жартысынан астамы ғана, яғни 3 мыңдайы белсенді жұмыс жасайды. Әйелдердің белсенділігі артып, бағыттары айқын болғанын қалаймыз.

-"Біздің мақсатымыз - әйелдерге іс бастар кезде көп қателіктерге ұрынуға жол бермеу. Себебі бизнес жаңадан басталған кезде қиындыққа тап болып, зардап шегеді. Бастапқы 1-2 жылда бизнестердің 80 пайызы жабылып қалады. Оның алдын алу үшін біздің одақта шағын және орта бизнеске, стартаптарға арналған бағыт пен тәрбиелік жұмыс, әлеуметтік кәсіпкерлік, қайырымдылық қарастырылған",-дейді БҚО «Атамекен» КП жанындағы ІӘК төрайымы Жұлдыз Хуспанова.

Қызығушылықтың артуына байланысты іскер әйелдер кеңесі экономикалық мүмкіндіктердің дамуы, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік  және маркетинг құралдарын жеке өз ісін дамытуға қолдану тәсілдері жөнінде қатысушыларға ақпарат беретін ауқымды жиын өткізілді. Әр тілек білдіруші үйден шықпай-ақ кеңеске мүшелікке ене алады.

-"Іскер әйелдер кеңесіне ену үшін онлайн тіркелімнен өту керек. Онлайн тіркелімде сіз өзіңіздің тегіңіз бен атыңызды, әкеңіздің атын , этикалық кодекспен келісетініңізді көрсетесіз. Артынан танысып, әйелдер кеңесінің мүшесі екеніңізді растайсыз. Кеңес мүшесі болу сізге не береді? Біріншіден сізге барлық өтетін шаралар жөнінде ақпарат түсіп отырады",-дейді іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Шолпан Утербаева.

Іскер әйелдер кеңесі белсенділерінің айтуынша, олардың басты мақсаттары-отбасыдағы, бизнестегі, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру арқылы елдің жағдайын оңалту. Жыл бойы кеңеске қатысушыларға тәжірибелі мамандар шеберлік сағаттары мен түрлі тренингтер өткізеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.