Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда 57 көшенің атауы өзгерді

c 16:31, 09/01/2019 c 1533

0:00 / 0:00

Орал қаласында 57 көшенің атауы өзгерді.БҚО әкімдігінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы бірлескен қаулысы мен шешімі әділет департаментінде тіркелді. Осыған сәйкес «Астана» шағынауданы бойынша №1 көше Қазыбек би, №2 көше Әйтеке би, №3 көше Төле би есімін иеленді. «Жұлдыз» шағынауданы бойынша бұдан былай №4 көше Нұрғиса Тілендиев, №6 көше Фариза Оңғарсынова, №8 көше Ермек Серкебаев, №13 көше Асқар Сүлейменов, №23 көше Медеу көшесі болып аталады. Атап айтқанда БҚО әкімдігі және облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі Әділет департаментінде тіркелді. Республикалық ономастикалық комиссияның тізіміне сай Орал қаласындағы көшелерге тарихи тұлғалар мен жер-су атаулары берілді. Көше атаулары өзгертілмес бұрын құзырлы мекеме қызметкерлері  алдымен тұрғындардың пікіріне құлақ түріліп кейін барып өзгерту енгізу туралы шешім шығарған.Атаулары өзгертілген бірнеше  көшеге тоқталып өтсек, Орал қаласы бойынша Верхняя көшесіне - Шалқыма, Проселочная көшесіне - Назерке, 1-ой садовый переулок көшесіне - Ағыбай батыр, 2-й кольцевой переулок көшесіне - Бұланты, 2-я молодежная көшесіне - Балқаш, 26 бакинских комиссаров көшесіне - Жидебай, Речная көшесіне - Ертіс, Больничная көшесіне - Ырысты, Вершигора көшесіне - Халел Досмұхамедұлы, Заводская көшесіне – Естай атауы берілді. Оған қоса «Сарыарқа» шағынауданындағы №41 көше Бердібек Соқпақбаев, №44 көше Шәмші Қалдаяқов болып аталады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы Орал қаласы бойынша жалпы саны 231 көше қайта аталды.  Мән-мағынасын жоғалтқан 135 көшенің атауы ұлттық танымға сәйкес өзгертілді. 96 көшеге жаңа атау берілді.Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында төрт ауылдың байырғы атауымен аталатынын, Елбасы Жарлығына сәйкес Зеленов ауданы Бәйтерек болып өзгертілген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.