Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының "Ақжайық" футбол командасы жаңа маусымға дайындықтарын шыңдап жатыр

c 00:00, 26/03/2015 c 657

0:00 / 0:00

Олар алғашқы кездесуін ел кубогы аясында "Мақтарал" аяқ допшыларына қарсы өткізгелі отырғанын естеріңізге саламыз. Жергілікті спортшылардың үлкен дода алдындағы көңіл-күйі, әзірліктері қандай екен? Биылғы жылы да Оралдық футбол командасының негізгі құрамы жергілікті ойыншылардан құралған. Ал Сербия, Словения мен Чехиядан легионерлер осы сапты толықтырмақ. "Ақжайықтың" жалпы құрамында барлығы 23 футболшы өнер көрсетеді. Қақпашы ретінде Роман Багаутдинов, ал Бауыржан Омаров, Эльдар Абдрахманов пен Мирам Сапанов, Сергей Шевцов, Руслан Хайыров және Руслан Валиуллиндар қорғаушы және жартылай қорғаушы болса, Алексей Мальцев пен Иван Антипов шабуылшы қызметін атқарады. Осы маусымда матч саны қысқартылып, 13 команда ғана бақ сынамақ. 24 рет өткізілетін кездесуден Ақжайықтың жеңіске деген дәмесі зор. Себебі осы жылы премьер лигаға шығу мақсатын орындау қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.