Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласындағы РФ-ның бас консулдығы сайлауға қызу дайындалып жатыр

c 18:41, 16/03/2018 c 824

18-наурыз күні көрші ел азаматтығы бар тұрғындар мен қонақтар Ресей президентін таңдауға дауыс бере алады. Дауыс беру таңғы 8:00-ден кешкі 20:00ге дейінгі уақытта қабылданады.

Орал қаласындағы сайлау учаскесі Мұхит көшесі 78 мекен-жайында орналасқан. Сайлауға 18 жасқа толған Ресей федерациясының азаматтары қатыса алады. Қазақстанға уақытша келген азаматтар да, осы ел тұрғындары да Ресей президентін сайлауда дауыс бере алады дейді консулдық өкілдері.

Сайлау кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталады. Дауыс берушілерден тәртіп сақтау талап етіледі. Бюллетеньдер алдын ала алынған.

Дауыс беру аяқталған соң жиналған дауыс нәтижесі есептеліп, РФ-ның орталық сайлау комиссиясына жолданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.