Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында халықаралық теннис күнін атап өтті

c 17:55, 05/03/2018 c 952

Бұл күні кез-келген жан теннис добы мен ракетканы қолына алып, ойынның қызығына батты. Халық арасында бұқаралық сипатқа ие бола қоймаған спорт түрінен бақтарын сынаған тұрғындар орталықтағы үйірмелер жөнінде мағлұматтарға қанықты.

Теннис ойыны Орал қаласында біртіндеп дамып келеді. Осыдан 3 жыл бұрын облыс орталығында теннис орталығы ашылды. Одан бөлек 300 орындық бірнеше теннис корттары қолданысқа берілді. Барлық орталықтарда ата-аналар мен үйірмеге қатысатын балаларға қолайлы жағдай ұйымдастырылған. Балаларды үйірмеге 5-6 жастан бастап қабылдайды. Аз да болса икемі бар бүлдіршіндердің шеберліктерін шыңдап, осында еліміздің болашақ жеңімпаздарын дайындаймыз дейді бапкерлер.
Халықаралық теннис күні теннис федерациясымен осы спорт түрін бұқаралық деңгейде дамыту мақсатында белгіленген болатын. 2013-жылдан бері осы дата спорт саласында кеңінен аталып келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.