Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында сұйытылған автогаз тағы қымбаттады

c 18:26, 12/02/2018 c 618

0:00 / 0:00

Бұл жолы елден ерекше біздің өңірде бағаның аспандауына мамандар көгілдір отын көлемінің қысқаруы мен тасымалдаушылардың бағаны өсіруі себеп дегенді алға тартады.
БҚО-да қазір сұйытылған мұнай газдың бағасы орташа есепппен литріне 77 теңгеге дейін көтеріліп отыр. Бұл жөнінде энергетика және ТҮКШ басқармасы мәлімдеді. Сұйытылған газ бағасының қымбаттауына елдегі шикізаттың тапшылығы себеп болса керек.

Жанармай бағасы қымбат болған соң үнемшілікті ойлап, газға көшкен темір тұлпар иелері үшін бұл үлкен салмақ түсіруде. Жүгізушілер аз уақытта сұйық отын бағасының асқан жылдамдықпен көтерілуі -тапшылықтан екенін аңғарған. Себебі қала орталығындағы кей бекеттерде көгілдір отын талон бойынша беріліп жатыр дейді.

Жылда қыста БҚО-да сұраныс бойынша екі жарым мың тонна сұйық отын тұтынылады.
Ал табиғи монополияға қарсы агенттік мамандары әзірге бұл жайтқа қатысты жақ ашпай отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.