Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында өлі адамның денесі табылды

c 11:42, 02/04/2018 c 876

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы әуе мектебі ғимараты маңынан ер адамның өлі денесі табылды. 1972-жылғы азамат аталмыш мекемеде аула сыпырушы болып жұмыс жасайды екен. Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем марқұмның денесі суып кеткенін мәлімдеп, қазасы туралы қағазды толтырды. Ал оның өліміне не себеп болғаны сот медициналық сараптамасынан соң белгілі болмақ.

Әуе мектебі ғимараты маңындағы гараждардың қуысында жатқан адамды көргендер бірден жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне хабар берген. Олар марқұмның өздерінің жұмыстасы, аула сыпырушы екенін танып отыр. Аяқ асты тіркелген қазаға не себеп болғанын ешкім де білмейді. Ал, жедел жәрдем жеткенде ол жансыз болған.

Алдын ала болжам бойынша азаматтың денсаулығы сыр беріп, құлап қалған болуы мүмкін. Соған қарамастан арнайы тексеріс жүргізілетін болады.

Марқұм 1972-жылы туған. Бұрын оның денсаулығы болмай жүргенін ешкім естімепті. Сондықтан сот медициналық сараптамасы тағайындалатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.