Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында мұқтаж жандарға арналған үйдің құрылысы басталды

c 18:24, 01/03/2018 c 994

0:00 / 0:00

Орал қаласында ерекше мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үйдің құрылысы басталды. Бүгін Зашаған кентінде құрылыс жүргелі отырған орынға "уақыт капсуласы" салынып, болашаққа аманат хат жолдау дәстүрі өтті. Капсула ішіндегі хатқа шараға қатысушылар қолтаңбаларын қалдырды. Оны 2041-жылы ел тәуелсіздігінің 50 жылдық мерейтойында ашып оқу жоспарлануда.

Жаңа құрылыстарға, ғимарат қабырғасына капсулаға салынған аманат хат қалау дәстүрі бұрыннан бар. Мұны «уақыт капсуласы» деп те атайды. Бұл дәстүрдің тамыры тым тереңде. Капсула 2041-жылы Қазақстанның тәуелсіздігінің 50 жылдығында ашылатыны жарияланды. Сол себепті бүгінгі әлеуметтік нысанның құрылысы тарихи деректермен қаланбақ және көмекке мұқтаж жандарға арналған мекеменің құрылысын меценаттар асарлатып көтермек.

Жоба құны 100 млн. теңгені құрайды. Ғимарат 2 қабатты болады. Ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай ұйымдастырылмақ.

"Рухани жаңғыру", "Туған жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында ғимараттың құрылысына қажетті материалдарды жергілікті кәсіпкерлер көтермек. Бірі іргетасын қаласа, енді бірі қабырғасын тұрғызып, үшіншісі шатырын көтеріп, құрылыс материалдарымен қамтиды. Үйде 12 жатын бөлме, 4 асхана, 4 демалыс бөлмесі, 4 санитарлық торап болады. Жоба құрылысы 2019-жылдың жазында аяқталады деп көзделуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.