Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында күн суытысымен мекен-тұрағы жоқ жандардың жағдайы қиындап кетті

c 15:16, 28/09/2017 c 698

0:00 / 0:00

Жаз бойы көше бойында түнеп келген кезбелер енді дірдек қағып, пана іздеп әлек. Ал оларға арналған орталықта орын жеткілікті ме? Айта кетейік, биыл өмірдің қиын жағдайында қалған адамдарға көмектесуге 73 млн. теңге бөлініп отырған көрінеді. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы коммуналдық мекеме мәлімдеп отыр.
Биылдыққа орталыққа 120 адам қабылданып, оның қырық екісінің құжаттары жасалып берілген. 6 адамға мүгедектік тағайындалған. 5 қария қарттар үйіне жолданып, 26 азамат отбасына оралыпты. Биыл алғашқы рет жазасын өтеп шыққан азаматтарды да орталыққа қабылдау қолға алынып отыр.
Орал қаласындағы орталық 60 орынға лайықталған. Оған қоса бұрын тек түнеуге арналған 25 орын болса, қазір тағы 16 қосымша орын ашылыпты. Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға қамқорлық көрсетуге бюджеттен 73 млн теңге бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.