Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында кішкентай альбинос қыз тұрып жатыр

c 14:04, 13/03/2018 c 2796

0:00 / 0:00

2 жасар Дильназ реңсіздік дертімен дүниеге келген. Альбинизм организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Кішкентай бүлдіршіннің осылайша ерекше кейіпте дүниеге келуі ата-анасы мен отбасы үшін тосын жайт болды. Диьназдың анасы 20 жастағы Тамара шашы мен терісі аппақ қызға кішкентай балалар тосырқап қарап, қуыршаққа ұқсататынын айтады. Тіпті қорқып, жанына жуымайтындар да бар екен. Альбинизм дильназдың көру қабілетіне және терісіне әсер еткені болмаса, басқалай ағзасында, дамуында еш ауытқушылық жоқ. Керісінше өте пысық, сезімтал, ерке, өте сүйкімді болып өсіп келеді. Дәрігерлер Орал қаласында, жалпы БҚО-да мұндай 100 пайыздық альбинизм бұрын-ссоңды кездеспегенін айтады. Миллион адамда бір рет қана болатын жағдай деп мәлімдеді. Ал жартылай немесе аз мөлшерде альбинизм белгілері бар адамдар тіркелген. Альбинизм — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді.

Диьназдың көзінің түсі күніне қызыл, жасыл, сұр, ақ, көк болып бірнеше рет өзгереді екен. Ал терісіне жазғы уақытта ерекше күтім керек. Себебі ыстықта күн көзіне шығаруға болмайды. Терісі қызарып, зақымданады. Ал көзіне үнемі қою қара түсті көзілдірік киюге тура келеді.

Дильназдың атасы дос-жарандары алғашқыда күйеу балаң орыс па деп сұраушы еді деп күледі. Қарапайым қазақ отбасында мұндай ерекше баланың дүниеге келуі барлығын таң қалдырған. Ал медицина мамандары альбинос ұлт пен нәсілге қарамастан барлығында кездесуі мүмкін құбылыс екенін айтады. Тіпті аппақ негр альбиностар да жиі кездеседі.

Альбиностар - жұмбақ, әдемі, таңғажайып жаратылыс иелері. Олардың өте сирек екенін есепке алсақ, нағыз табиғат ғажабы десе болады. Ал ғылыми түрде алар болсақ, альбинизм - ағзадағы пигменттер жүйесінің ауруы. Дәлірек айтсақ, альбинизм - пигменттің жоқ болуы. Ақ түсті жануарлар табиғатта сирек болса да кездеседі. Оларды да альбиностар деп атайды. Альбинос адамдарды тану қиынға соқпайды: ақ шаш, бозарған ақ тері, мөлдір кірпіктер.

Айта кетейік, өз баспаналары жоқ екі балалы отбасы қазір бір пәтер алуға зар болып жүр. Сол себепті биліктен қол жетімді баспана алу үшін көмек сұрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.