Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында келінін өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты сот отырысы басталды

c 12:26, 23/07/2018 c 770

0:00 / 0:00

Орал қаласында келінін өлтірді деп айып тағылған күдіктіге қатысты сот процесі басталды. БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бүгін Асылбек Умаровтың ісіне қатысты куәгерлер шақырылып, қылмыс болған орындағы айғақтық заттарға сараптама жүргізген мамандар сөзі тыңдалды. Сот отырысына марқұм Ақерке Қозыкешеваның анасы келіп қатысты. Азаматша қылмысқа өзінің бұрынғы күйеу баласы Саят Қозыкешевтің де қатысы бар деп ойлайды.

Асылбек Умаровтың үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабының 1ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол өз келінін қасақана, қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Оқиға 8-сәуір күні Семейден бұрынғы күйеуі рұқсат алып кеткен 2 жасар ұлын көруге келген Ақерке Қозекешева жалдаған пәтерде болған.

Ержан Құрманғалиев,
БҚО прокуратурасының прцессуалды прокуроры
Умаров ұлы Саят Қозекешевтен бұрынғы келіні Ақеркенің кішкентай сәбиін көру үшін Орал қаласына келгенін естиді. Марқұм азаматша балаға бұрынғы күйеуінің үйіне келгенде келіспеушілік орын алады. Қозекешев пен Ақерке ұлдарын ілестіріп, белгісіз бағытқа көлікпен кетеді. Олардың ізін баққан Асылбек Умаров арттарынан такси ұстап ілеседі. Достық 244 мекен-жайына келіп үйге енгенде Умаров та олардың соңынан еріп, дауыс шыққан пәтерден ұлының шығып кетуін күтіпті-мыс. Саят Қозекешев баласымен үйден кеткен бойда Умаров есікті қағып, ішке еніп, әңгімесі жараспаған келінін бетінен жұдырықпен қатты соғып құлатқанын айтады. Артынан тағы да бірнеше рет бас бөлігінен жұдырықтап, тамағынан баумен буындырған. Және асханадан метал пышақ әкеліп, жүрек тұсына сұғып алыпты

Күдікті қылмысын толықтай мойындайды. Бірақ моральдық шығын ретінде зардап шегуші тарап талап еткен 10 млн. теңгені төлеуден бас тартып отыр. Судья сотта оқиғаның қалай болғанын күдіктінің өз аузынан алынған мәлемттен оқыды.

Бақыт ЕрмахановСудья
Саят Ақеркенің шетелдіктермен құпия кездескенін біліп қойған. Өзін алдап, көзіне шөп салғанын білгенде, Ақерке тамырын кесіп, ауруханаға түседі. Саят ажырасуға шешім қабылдап, арыз жазды.

Сот процесіне шақырылған Саят Қозекешев те, оның анасы да сөз сөйлеуден бас тартты. Сотқа ұшақпен ұшып келіп қатысқан Семейлік Ақерке Қозекешеваның анасы денесінің сау-тамтығы қалмаған қызын суреттен тану мүмкін болмағанын айтады. Бибігүл Ермұханова қылмысты Умаров жалғыз емес, ұлы Саятпен бірге жасады деген ойда.

Бибігүл Ермұханова,
марқұм Ақерке Қозекешеваның анасы
Менің қызымды үнемі қысымда ұстаған. жиенімді ұрлап кетіп, оған сыра мен чипсы берген. Сөйтіп анасы ауыртты деп кінәлау үшін дәрігерге көрсетпек болған. Мұның бәрі баланы өздеріне алып қалу үшін жасалған әрекет. Артынан қызымды психологиялық ауру деп дәлелдемек болған. Ақерке тірі кезінде мұның бәрін жоққа шығаратын анықтамаларды жинақтап кетті. Мен дәлелдей аламын. Бала дәрігері, сарапшылар бәрі олардың таныстары. Мен Оралдан ешкімді танымаймын. Қызым өлгенен кейін оның бұрынғы күйеуі Саятты 10 күн бойы ешкім таба алмады. Егер ары таза болса, неге әкесінің үстінен арыз жазбады. Істің бәрі шикі. Мен қызыма ешқашан мағын арыз айтпа деп тәрбиеледім. Барған жеріңе тастай батып, судай сің дедім. Енді қан жұтып, қайғы жұтып қалдым. Екі сәби жетім қалды артында.

Сот отырысына өзге де куәгерлер мен сот сараптамасымен айналысқан мамандар шақырылды. Марқұм Ақеркенің анасы қызын қатыгездікпен өлтіргендерге соттан ең ауыр жазаны үкім етуді сұрап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.