Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында "Қазақстанда жасалған" өнімдердің жәрмеңкесі ашылды

c 00:00, 23/02/2015 c 754

0:00 / 0:00

Енді қала тұрғындары жергілікті өнімді төмен бағамен Ел ырысы базарынан сатып алуына болады. "Отандық өндіріс иелеріне бұл жәрмеңкеден сауда орындары тегін берілген. Сондықтан азық-түліктің бағасы базардан 10-15% төмен болады",- деп билік өкілдері сендіріп отыр. Шын мәнінде жәрмеңке қарапайым халыққа қол жетімді ме? Жәрмеңкеге келушілердің көбінде бағалар төмен болады деген сенімнен гөрі күдік басым болыпты. Бірақ олардың басым бөлігінің көңілдері толғанын байқадық. Аздаған уақытта қол сөмкелерін азық-түліктерге толтырып үлгеріпті. Қазақстанда жасалған өнімдер қаламызда алғашқы рет супер маркет сөрелерінде пайда болған еді. Мінекей енді өндірушілердің сұранысымен, әкімдіктің қолдауымен ол жәрмеңкеге ұласып отыр. Жәрмеңке сенбі күні Ел ырысы базарында бастау алды. Жәрмеңкедегі бағалар базардан 10-15 % төмен болады деген билік өкілдері әр апта сайын Қазақстандық өнімдерді бір жерден сатып алуға болатынын айтады. Елбасының үкіметтің кеңейтілген отырысында Отандық өнімді қолдау жөніндегі ұсыныс тапсырмасы берілген сәттен облыста бұл бағытта жұмыстар басталды. Соның бірі аталмыш жәрмеңке Қазақстан бойынша біздің өңірде қолға алынды. Тек алдағы уақытта жәрмеңкеге қойылған өнімнің бағасы шарықтамай, қол жетімділік сақталып қалса халық үшін де қолайлы болмағы анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.