Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында «Қазақстан - Отаным менің» республикалық туристік слеті өз бастауын алды

c 00:00, 09/04/2015 c 883

0:00 / 0:00

Бұл аймақтар додасында, еліміздің 12 өңірінен, балғын туристтер, айналаны зерттеп, спорттық сайыстарға, табиғат қорғау жөніндегі таңдаулы плакаттар, өзге ұлт өкілдерінің дәстүрін таныстыруымен бақтарын сынамақ. Туристтік слеттің ашылу салтанаты жеңіс алаңында өтті. Қатысушылар алдымен қашытыққа жүгірсе, кейін экскурсиялық бағдарлау бойынша чемпионат бастау алды. Бұл додада оқушылар Абай алаңына дейін маршрутты анықтауға тиіс болатын. Жас туристтер жол көрсетушінің көмегінсіз карта арқылы бағыт тауып қаланы жүріп өтті. Сондай-ақ әр нүктеге жеткенде қосымша тапсырмалар беріліп отырды. Экспедициялық жасақтың слеті жыл сайын өтіп тұрады. Аталмыш шаралар, жастарды туристтік-өлкетану жұмысына баулуға мүмкіндік беріп отыр. Жыл сайын слеттің өткізілетін орны, ауысып тұрады. Мәселен, былтыр балалар, Шымкент қаласында бақ таластырған болатын. Біздің өңірімізде «туристтік слеттің» ұйымдастырылуы, алғаш рет емес.Тауға өрмелеу додасы - ең жауапты кезеңдердің бірі. Себебі, өздеріңіз білетіндей, бұл спорт түрі тек қауіпті ғана емес, сондай-ақ кедергілер арқылы шыңға жету үшін жігер де қажет. Тауға өрмелеумен айналысатын жасөспірімдер көп көрінеді. Бәлкім, олардың ішінде, болашақ альпенисттер де бар болар. Келесі кезең ғылыми жобалалрды қорғау байқауы, сондай-ақ ұлттық ойындар және халықтар достығы фестивалінің байқауы. Слеттің салтанатты жабылуы сәуірдің 11-де өтеді. Ал, жеңімпаздарды, әдеттегідей, дипломдар және сыйлықтармен марапаттайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.