Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында барлық субұрқақтар 1-маусымда іске қосылады

c 17:40, 31/05/2018 c 885

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй секторы бөлімі мәлімдеді. Қазіргі күні нысандарда дайындық қызу жүріп жатыр. Айта кетейік, бұл орайда қала тұрғындары жазғы уақытта халық сейіл құратын тынымбақтар мен саябақтардың тазалығы, абаттандырылуына құзырлы орындар көбірек көңіл бөлсе деген базыналарын жеткізіп отыр.

Тұрғындардың абаттандыру жөніндегі өтініші Ремзауыт ауданындағы Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюға қатысқандар мен ардагерлердің құрметіне арнап ескертіш орнатылған тынымбаққа қатысты. Бұл тынымбақ 3 жыл бұрын қолданысқа берілген болатын. Монументті тұрғызуға 150 млн. теңге бөлінген. Қараусыз қалған тынымбақ жанданып, субұрқақтар, тас төсеніштер, шамдар мен орындықтар пайда болғанда жергілікті тұрғындардың қуанышында шек болған жоқ. Ал қазір олар тынымбақ күтімсіз қайтадан қараусыз қалады ма деп қауіптеніп отыр.

Шаһарымызда 28 тынымбақ пен саябақ бар. Олардың тазалығы мен күтімі "Жайық таза қала" ЖШС қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Бірақ олар жұмысшылар үлгірмей жатыр. Міндетті орындауға тырысып жатырмыз,- деп жауап қатты. Ал қаладағы субұрқақтардың жұмысына тоқталар болсақ, алдағы ай да тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі барлық субұрқақтар іске қосылады деп мәлімдеп отыр. Жаздың жайма шуақ күндерінде облыс орталығындағы халық жиі жүретін демалыс орындары көркіне көрік қосып, гүлдене түседі деген үміттеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.