Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында балалар шеруі өтті

c 20:10, 01/06/2018 c 840

Орал қаласында балаларды қорғау күніне ауқымды балалар шеруі ұйымдастырылды. Шара ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы жаңа алаңда өтті. Шеруге барлық мектептер мен өнер ұжымдары атынан 3000-ға тарта оқушы қатысып, салтанатты түрде түзілген сапта өнерлерін ортаға салды.

"Сәлем саған Астана!" Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шеру осындай атаумен бастау алды. Әбілхайыр хан даңғылымен Сырым Датов көшесінің қиылысынан Жаңа алаңға дейінгі аралықта колоннамен 5 қатарда жүрген әр блокта 600 бала бір мезетте адымдады.

Үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар, барабаншылар, ішекті аспаптар ансамбльдері мен ұлттық костюмдегі би және хор ұжымдары, патриоттық клубтардан құралған 3000 мыңдай оқушы әдемі саппен салтанатты түрде жүріп өтті. Мұндай ауқымды деңгейдегі балалар шеруі қаламызда алғашқы рет өткізіліп отыр. Тұңғыш президент алаңы жанында балалардың сурет сайысы өтіп, үздік шығарма иелеріне сыйлықтар табысталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.