Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болып өтті

c 18:07, 09/04/2018 c 786

0:00 / 0:00

Ықсанов көшесінің бойында аймақ кәсіпкерлері жергілікті өнімдерін төмен бағамен саттыққа шығарды. Жәрмеңкеге 60 тауар өндіруші қатысып, тегін орын жайға ие болды.

Жәрмеңкеге Орал қаласы мен Бөкей орда, Жәнібек, Шыңғырлау, Теректі, Ақжайық аудандарының шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілері қатысып, 32 төшке ірі қара, 10 төшке жылқы еті мен 10 тонна картоп, 18 мың дана жұмыртқа сатылған. Бұл жөнінде Орал қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы                Махамбет Батырғалиев мәлімдеді.

Қазір жәрмеңке ауқымды деңгейде өтетін болған. Таңдау мол, және бағалар да көңіл қуантарлықтай,-  дейді қала  тұрғындары.

Аталмыш шараға әкімдіктің қолдауымен тегін орын жайға ие болған 60 тауар өндіруші қатысты. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қаламыздың Ықсанов көшесінің Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелері аралығында 14,21, 28 сәуір күндері жалғасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.