Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында айырбастау пунктері рубльдің құлдырауына байланысты, баға ауыстыруға үлгермей жатыр

c 19:48, 08/01/2015 c 683

0:00 / 0:00

Осыдан бірер күн бұрын рубль бағасы 3 теңге 17 тиын болса, ал бүгін 2 теңге, 93 тиынға түсіп отыр. Бұл жағдайды Ресей елінен өзге, қазақстандықтар да әр қилы бағалауды дағдыға айналдырды.
Орал қаласының айырбастау пунктері рубльдің құлдырауына байланысты, баға ауыстыруға үлгермей жатыр! Рубль бағасы кеше ғана 3 теңге 17 тиын болса, ал бүгін 2 теңге,93 тиынға түсіп отыр. Рубль валютасының былайша құлдырауына қазақстандықтардың еттері үйреніп алды. Мәселен, жаңа жылдан бұрын орын алған қарбалас сәтте, Ресей еліне көршілес өңір тұрғындары мүмкіндікті қалт жібермей солтүстіктегі көршілерімізден көліктермен қатар, жылжымайтын мүлік алып жатса, кейбірі жүк көліктерімен барып, тұрмыстық техника, ұсақ түйек заттарға дейін дорбалаған болатын. Ал, қазір Ресейде тауар құнының қымбаттауына байланысты, өңір халқының рубльге қызығушылығы азайды - дейді Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері.
Иә, рубль валютасының былайша 3 теңгеден төмен түсуі - көңілді деп айту қиын. Өйткені, сарапшылардың бірі рубль дағдарысы Қазақстан экономикасына зардабын тигізуі мүмкін - десе, ал енді бірі - қазақстандық сарапшылары, теңге құлдырауы жақын күндері орын алмайтынын кесіп айтып отыр. Қаламыздағы айырбастау пунктерінің біріне бас сұқтық. Білгеніміздей, рубль валютасы болғанымен, рубльді айырбастау мен сатып алушылар қатары қазіргі уақытта сирек - дейді қызметкерлер.
Рубльдің алдағы тағдырының қалай боларын тек уақыт көрсетпек...

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.