Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 4 жаңа тынымбақ пайда болады

c 18:02, 03/08/2018 c 661

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде шаһар басшысының орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мәлімдеді. Қала күні мерекесіне орай, әлеуметтік серіктестік бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асқалы отыр. Солардың ең ауқымдысы-тынымбақтар. Қала күніне жеке кәсіпкерлер өз тартуларын жасағалы отыр. Тайманов көшесінің бойында қаладағы ең ауқымды тынымбақ пайда болады. Тынымбақта балаларға арналған бірнеше аумаққа бөлінген алаңқайлар жабдықталмақ екен. Тұрғындар осындай жобалар көбірек жүзеге асса деген тілектерін білдіруде.

Ал екінші тынымбақ Темір Масин көшесінің бойында орналасқан. Жоба құны шамамен 35 млн. теңге тұрады Бұрынғы қараусыз қалған тынымбақтың 540 шаршы метр аумағы жаңғыртылмақ. Жалпы саны осындай 4 тынымбақ салынады. Тағы бірі-Сити центр сауда ойын-сауық орталығы маңында болса, төртіншісі-ет комбинаты ауданында, денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асады. Жобалар шаһарымыздың туған күнінде тапсырылады деп күтіліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.