Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында №24-ші балабақша жөндеуге байланысты жабылғалы жатыр

c 17:53, 20/03/2018 c 1026

Бұл уақытта бүлдіршіндер өзге мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін болатын. Білім бөлімінің хабарлауынша, облыс орталығында ондаған білім нысаны жөндеуді қажет етеді.

№24ші балабақша бөбекжайы 1965-жылы салынған. Содан бері ғимарат күрделі жөндеуден өтпепті. Мектепке дейінгі мекемеде 183 бала тәрбиеленіп, 47 адам еңбек етуде. Балалардың барлығы жөндеу кезінде №19шы мектепке дейінгі мекемеге қабылданады.

53 жыл бойы ағымдағы жөндеумен күтіп ұсталған балабақшаның шатырынан су ағып, қабырғаларында сызат пайда болып, төбелері жарыла бастаған. Барлық желілері ауыстыруды талап етеді. Еденге жайылған төсеніші жартылып, оны жамап-жасқап қойған.

Білім бөлімі бұл салада жөндеуді қажет ететін нысандарға ел ағаларынан қаражат бөлуді сұрап отыр. Оның нәтижесі мәслихат сессиясынан соң белгілі болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.