Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 40 жаңа автобус жолаушы тасымалдайтын болады

c 17:17, 08/06/2018 c 978

0:00 / 0:00

Әкімдік пен қоғамдық көлік иелері арасындағы келісім аясында осындай ауқымды жұмыс атқарылғалы отыр. Айта кетейік, шаһарамызда жолаушы таситын автобустардың 50 пайызы әбден ескеріп, ауыстыруды қажет етеді. Ал кәсіпорын басшылары бұл талапты орындау үшін субсидия көбірек бөлінуін сұрап отыр.

Қала тұрғындарының қоғамдық көлік қызметіне айтар сындары көп. Себебі жолақы көтерілгенімен қызмет сапасы тым төмен дейді. Ал бағаны өсірер алдында жолаушы тасымалдаушылар автобустарды жаңалауға сөз берген болатын.

-"Автобустардың ішіне отырғанда шаң көтеріледі. Лас болады. Уақытымен жүрмейді. №3-ші автобусты айта аламын мәселен. Көліктердің көбі ескі, қара түтін будақтап, ауа ластайды және жиі сынады",-дейді қала тұрғыны Ілияс Қайырлиев.

Жолаушы тасымалдаушылардың бұл мәселеге айтар уәждері дайын тұр. Олар онсыз да шығынға батып отырмыз, автопаркті жаңалау үшін демеу қаржы болса деген тілектерін жеткізді. Жаңа автобустың құны 15 млн. теңге тұратынын ескерсек, былтырғы алған 20 млн. теңге субсидияның қайда жетерін есептей беріңіз,- дейді "Урал тех сервис" ЖШС директоры.

-"Қаладағы автобустардың 50 пайызы жаңалауды талап етеді. Бірінші кезде жыл басынан біз де 20-25 автобусты ауыстыруға кіріскелі отыр едік. бірақ артынан барлығын есептеп, өз күшімізді тексере келе ойландық. Банктер бізге ешқандай жеңілдік жасап отырған жоқ. Өзгелермен тең несие аламыз. "Даму" бағдарламасының аз ғана көмегі болмаса, биыл ол субсидия жеткіліксіз деп жатыр",-дейді "Уралтехсервис" ЖШС директоры.

Ал жолаушы тасымалы және авто көлік жолдары бөлімінің хабарлауынша, бүгінде алғашқы жоспарға бірқатар өзгерістер енгізілген.

-"Қаражат сұралып отыр. 195 млн. бөлінеді. Бұл ақшаны біз бірақ автобустарды жаңалағанша бермейміз. Әкімдік пен жолаушы тасымалдаушылар арасында келісім бар, меморандум құрылды. Автобустар бағасының 10 пайызын субсидия негізінде 3 жыл төлеуге көмектесеміз",-дейді Орал қалалық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев.

Жаңа автобустар қыркүйек айында пайда болуы тиіс. Олардың саны жоспардағы есептен 2 есеге дейін қысқаруы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.