Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласы тұрғындары ыстық суға қосылды

c 20:52, 04/07/2018 c 696

0:00 / 0:00

"Жайық жылу қуат" АҚ-ның жылу қазандығына көгілдір отын беріліп, газ таратушылар алдындағы қарыз азайыпты. Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі хабарлады.

Ыстық суды қосу үшін "Жайық жылу қуат" АҚ-на тұтынушылардан борыштарын өндіріп алу үшін біраз тер төгуге тура келді. Түрлі шаралардың арқасында "Қазтрансгазаймақ" алдындағы қарыз 240 млн. теңгеге дейін қысқарып отыр. Соның арқасында ыстық су берілді. Тек жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аудандарда 200-ден астам үй қыркүйек айына дейін суға қосылатын болады дейді мамандар.

Ыстық күнде қала тұрғындары үшін сусыз отыру қиын жағдай. Ал коммуанлдық кәсіпорынның газға қарызы толық жабылса игі. Егер жағдай ушықса, газ таратушылар көгілдір отынды беруді тоқтатып, қаланы судан ажыратып тастаудан тайынбайды. Сондықтан борышкер тұтынушылармен күрес үздіксіз жүріп жатыр.

Аталмыш жағдайда еш жазықсыз жапа шеккен- қызмет ақысын уақытылы төлеп жүрген тұтынушылар. "Жайық жылу қуат" келеңсіз жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қолдан келген шараны қолдануға дайын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.