Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қалалық №1 емханасында жасөспірімдерге арналған 3Д кабинет ашылды

c 20:49, 04/07/2018 c 815

0:00 / 0:00

Сондай-ақ барлық азаматтарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, балалар мен ата-аналарға мерекелік бағдарлама өткізілді. Бұл шаралардың барлығы еліміздің жүрегі-Астананың 20 жылдығына орай оздырылуда.

Елордамыздың 20 жылдығына арналған мерекелік шараға мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары қонақ ретінде шақырылған. Түрлі кейіпкерлер мен аниматорлар келушілерді емхана алдынан қарсы алып, көңілді бағдарламаларын ұсынды. Бұл жерде әр адам қан қысымын өлшеді. Балаларға тәттілер мен сусындар сыйланды.

Емхана заманауи жүйемен жұмыс жасауға көшкен. Цифрландыру және электронды кезек пен карталар қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік туғызып отыр. Тағы бір жаңашылдық- бүгін ашылған жасөспірімдер кабинеті болды. 1-ші емханада 70 мыңдай адамға ем көрсетеді. Алға қойылған басты мақсат- сапалы медициналық қызметтің дер кезінде қолжетімділігін қамтамасыз ету.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.