Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОНЛАЙН ОҚУ

c 09:34, 18/01/2022 c 894

0:00 / 0:00

Елдегі эпидемиолгиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында үшінші тоқсанда мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Қазіргі кезде оқушыларға қажетті барлық техникалық құрал-жабдық таратылды дейді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова. III тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады.

17 қаңтардан бастап қазақстандық оқушылар үшінші тоқсандағы оқу процесін бастады. Өздеріңізге мәлім, елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге байланыста төтенше жағдай жарияланып, оқушылар мен студенттердің қысқы каникулы ұзартылған болатын.
Білім және ғылым министрлігі III оқу тоқсанына қатысты орын алған өзгерістерді жариялады. Бұл тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Бірақ республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары әзірше онлайн режимде оқитын болады. Елдегі эпидемиолгиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында үшінші тоқсанда мектеп оқушылары қашықтан оқиды.

Ал ауылды жерлерде оқушылар бұрынғыдай мектепке барып оқи береді. Балабақшалар да штаттық режимде жұмыс істейді. Қауіпті індеттің таралуы тұрақталып, эпиджағдай жасқарған кезде онлайн режимде оқып жатқан оқушылар дәстүрлі форматқа көшіріледі. Балалар арасында қауіпті індеттір таралуына жол бермеу мақсатында 12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы салынып жатқаны мәлім. Бүгінде республика бойынша бұл санаттағы азаматтардың 28 пайызға жуығы екпе алған.

Жалпы өткен жылдың қыркүйек айынан бері елде 27 мыңнан астам балада ковид тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.