Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Онлайн бос орындар жәрмеңкесі

c 16:07, 01/04/2021 c 508

Облыс орталығында жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара онлайн форматта ұйымдастырылды. Екі сағатқа созылған жәрмеңкеде 30-ға жуық екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жан орталыққа түйіндемесін жіберіп, жолдама алған.

Екі жыл қатарынан бос орындар жәрмеңкесі онлайн форматта өтуде. Биыл ұйымдастырылған шарада 400-ге жуық бос орын ұсынылды. Сала мамандары "Еңбек нарығында мұғалімдер, медицина қызметкерлері мен техникалық мамандықтарға деген сұраныс көп",-дейді.

Биыл Орал қаласында екі қолға бір күрек таба алмай жүрмін деп 1800-ден астам азамат жұмыспен қамту орталығына жолыққан. Олардың 840-қа жуығы жастар. Облыс орталығында тек ресми түрде 3800-ге жуық азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр.

Облыс орталығында биыл 500-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2800-ді құрапты. Бүгінгі таңда 23 адам мемлекеттің қайтарымсыз грантына ие болған. Сала мамандары жұмыссыз ретінде электронды үкімет арқылы тіркелуге болатынын айтады. Ол үшін өтініш білдірген адамның электронды қолтаңбасы болуы шарт.

Сурет aktobetv.kz сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.