Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨҢІРДІ ДАМЫТУ

c 11:22, 21/02/2023 c 77

0:00 / 0:00

Өңірлерді дамыту мәселесі енді Парламент Сенатының жіті назарында болмақ. Сенатта өткен тыңдауда Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары тыңдалды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов депутаттарға аймақтағы қол жеткізген жетістіктермен қатар, қордаланып қалған проблемаларды да ашық айтып, мемлекеттен қолдау қажет ететін тұстарын да баяндады. Әкім ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға және табысын арттыруға бағытталған негізгі жобалар туралы айтып берді.

Ауылды дамыту Президенттің негізгі тапсырмасы болатын. Қазір әкімдер жаппай ауылға бет бұрысты бастады. Ауылдықтарға жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылық кәсіпкерлігін дамыту мәселелері уақыт күттірмейтін шаруа болып тұр. Ақтөбе облысында 134 ауылдық округ бойынша қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауылдарды сапалы интернетпен қамту жөніндегі жобалары іске асырылмақ. Ақтөбе облысында ауыл халқының 98,5 пайызы сапалы итернетпен қамтылған екен. «Ауыл аманаты» жобасына қатысатын ауылдарда жұмыссыздық деңгейі 41,4%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушылар деңгейі 49,3%-ға төмендейді деп күтілуде. Отбасының орташа табысы 2 есеге артады. Алдағы жылдарға өңірдің барлық ауылдарын жобамен қамту үшін қосымша 58,6 млрд. теңге қажет. Дегенмен өңірде азық-түлікпен қамтамасыз етуде кенже қалған шаруалар бар. Облыста халық тұтынатын негізгі 65 тағамның ішінде 7 түрімен толық, ал 45 түрімен ішінара қамтамасыз етілген. Ақтөбе облысына тамақтың 13 түрі импортпен, сырттан әкелінеді.

Өңірде инфрақұрылыммен, оның ішінде сапалы жолдармен қамтамасыз ету де проблема болып отыр. Тоғжановтың айтуынша, Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылы нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 95%-ды құрауы тиіс. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін жыл сайын қосымша 13,5 млрд. теңге бөлу қажет дейді әкім. Осы жылы Ақтөбеде 770 шақырым облыстық жолдарды жөндеу жоспары тұр. Республикалық маңызы бар автожолдардың ішінде биыл «Ақтөбе – Ұлғайсын» трассасын 4 жолаққа дейін кеңейте отырып қайта жаңғыртуды, сондай-ақ соңғы 30 жылда алғаш рет «Қандыағаш - Шалқар» автожолын жөндеуді бастаймыз деп отыр Тоғжанов. Ал ақтөбеліктерді баспанамен қамту үшін қазынадан қосымша қаржы сұрады. Оның мәліметінше, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Ақтөбе облысында кезекте 22 мыңнан астам адам тұр.

Әкім Ақтөбе облысында шешімі табылған мәселерді тізбектей келе, проблемалардың да барын ашық айтты. Өңірде құрылыс саласын дамытуды және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда газ тапшылығы кедергі болып тұр дейді. Ағымдағы жылдың мамырында «Бұқара-Орал» магистральдық газ құбырының 3-желісінің құрылысы басталады. Ақтөбе облысы үшін бұл маңызды жобаның жалпы құны – 43,4 млрд теңгені құрайды. Жоба газ тапшылығын шешуге мүмкіндік бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.