Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өнегесі мол Наурыз мерекесін отбасылық ансамбль атап өтуде

c 18:18, 20/03/2018 c 1133

Наурыз мейрамын Орал қаласының халқы кең көлемде атап өтуде. Әр отбасы ұлық мереке қарсаңында ағайын-тумамен қауышып, аман-саулық сұрасып жатыр. Шаңырақтарында салт-дәстүр бойынша мейман қабылдап, ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Облыс орталығында осы дәстүрді ұстанып, елге үлгі болып жүргендердің бірі-"Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары Бигалиевтер әулеті. Отбасы мүшелері наурыз думанын ерекше атап өтеді. 40 жылдық мерейтойы биылғы көктем мерекесімен тұспа-тұс келіп отырған өнерлі отбасылық ансамбльмен арна тілшісі кездесіп қайтқан болатын.

Биғалиевтер ансамблі әр түрлі жанрдағы қазақ, орыс, түрік тілдеріндегі әндерді нақышына келтіріп орындайды. Әулеттің отағасы Марат Биғалиев мал өсірумен айналысатын шаруа қожалығын басқарады. Отанасы Нұржамал Сұраншиева "батыр ана" төс белгісінің иегері. Осы ата-аналары құрған отбасылық ансамбльге биыл 40 жыл толып отыр.

Наурыз мерекесін Биғалиевтар отбасы бірге қарсы алып, атап өтеді. Бір кездері ата-аналары бастаған отбасылық ансамбль құрамы бүгінде өзгеріп, жасара түскуен. Әулет дәстүрі бойынша бұл үйдің ұл-қызы ұлттық құндылықтарды сақтап, дәріптеуге аса мән береді.

Сондай-ақ отбасылық ансамбль мүшелері бұл күндері барлық мерекелік ән кештер мен думан-тойдың гүлі болып, өнерлерімен елді сүйсіндіруден шаршамайды. Ал қонақтар үшін жайылған дастарханнан дәм үзілген емес.

Отанға деген ыстық махаббат пен патриоттық рухты, ұлттық тәрбиені өз ұрпағының бойына сіңіріп өсірген бұл отбасының өнегесі баршаға үлгі боларлықтай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.