Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Офицерлік бал

c 17:11, 08/05/2019 c 983

0:00 / 0:00

Оралда алғаш рет офицерлердің балы өтті. Аталмыш шарада он әскери қызметкер жұбайларымен бірге вен билін биледі.

Өңіріміздің барлық дерлік әскерилері Отан қорғаушылар күнінде арнайы офицерлік балға қатысты. Аталмыш шара әскерилердің төл мерекесіне арналған.

Ақжайық төрінде алғаш рет ұйымдастырылған шараға 10 әскери қызметкер зайыбымен бірге қатысты. Он жұп вен вальсін биледі. Шараға қатысқан жандар дайындық мамырдың айының басынан басталғандығын айтады.

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов әскери борышын өтеп жатқан жандардың ерлігін жіпке тізіп, әскерилерді мерекемен құттықтады. Мерекелік кеш барысында қызметі өзгеге үлгі болып жүрген әскерилер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.