Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облысымыздағы дүбірлі дода...

c 00:00, 13/04/2015 c 688

0:00 / 0:00

Өткен аптаның аяғында шаһарымызда ММА-дің аралас жекпежегінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Сайысқа еліміздің барлық облысынан 160-тың үстінде жекпежек шеберлері шақырылып, бірнеше салмақ бойынша екі күн бойына шеберліктерін сынға салды. Ал сенбіде өткен финалдық іріктеуде, дүниежүзілік ММА ассоциациясының Азия аумағындағы халықаралық кәсіби турнирі "Битва намадов-3" додасы өтіп, додада Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан спортшылары өз өнерлерін көрсетті. Бес жұпта өз елдері атынан алаңға шығар саңлақтарды, салмақ өлшеу сәтінде біздің тілшілеріміз сұраққа тартып көрген. Аймақта өткізіліп отырған осынау байрақты додаға, еліміздің әр өңірінен барлығы 160-тың үстінде спортшы келген. Өңірімізде бұндай деңгейде алғашқы рет жалауын көтерген сайысты, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ашты. Ұлттық аркестрдің сүйемелдеуімен, тарихи тұлғалардың көрініс көрсетуімен басталған шараны, финалға шыққан 60 келі салмақтан бастап, 93 келі салмақтан асқан спорт шеберлерінің жекпе-жегімен жалғады. Финалда біздің батыс өңірінің өрендері де аянып қалмады, топтық есепте Оралдық оғландар бірінші орынға көтерілсе, Қарағандылықтар екінші, ал Атыраулықтар үшінші орын алғаны. Жүлдегерлерді кеш қонақтары марапаттады. Аралас жекпе-жек, аты айтып тұрғандай қолмен де, аяқпен де қарсыласын таяқтауға болатындай төбелес түрінде келеді. Кештің екінші бөлімінде, "битва намадов-3" халықаралық турнирінде, ресей, Әзербайжан және еліміздің өңіріміз бен Атырау, Ақтөбе, Қарағанды аймақтарынан келген кәсіби жекпежекшілер шаршы алаңға көтерілгенде, жиылған жұртшылық отандастарымыздың тілеуін тіледі. 61 келіде Атыраудан келген Теміров Болатбек, қарсыласы ресейлік Илмир Баймовқа есе жіберіп алды. Ал, 77 келіде, Ресейдің Башқұртстан республикасынан келген, қарсыласын танып та үлгермеген Исхаков Артуды, қазақстандық қарсыласы Исатай Теміров накаудтқа түсіріп өз шеберлігіне қонақтарды тәнті қылды. Үшінші болып, шаршы алаңға шыққан 61 келідегі Ақтөбелік Сергей Морозов та, қарсыласы Ресейлік Богар Клосты есінен айырып ерледі. Ал, турнирдің төртінші кезегінде, қарағандылық Рашид Дагавтың алдында, орынборлық Ильфат Халиков та тізерледі. Жанкүйерлердің кеш бойына толассыз тосқаны, облысымыз үкілеп қосқан Дамир Исмағұловтың жекпе-жегі еді. Бір күн бұрын баспасөз өкілдерімен ұйымдастырылыған отырыста Дамир де өзіне сенімді сөйлеген. Дамир сол сөзінде тұрып, қарсыласы Әзербайжан чемпионы Фуад Алиевты аяусыз ұрып, жеңісті уыстан жібермеді. Ел спортшылары өңірімізді өткен турнирде, жеңісті қолдан жібермей ерледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.