Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс басшысы ардагер ұстазды қабылдады

c 00:00, 17/03/2015 c 724

0:00 / 0:00

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаев М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ жарты ғасырдан астам уақыт қызмет етіп келе жатырған ұстаз, КСРО Жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің громатасының, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісінің, Еңбек ардагері медалінің, сондай-ақ 1945 жылы Ұлы Жеңісті радио арқылы хабарлаған құрметті еңбек ардагері - Жолдықайырова Мерует Жолдықайырқызын қабылдады. Кездесу барысында облыс басшысы ардагерді мерейлі 90 жасымен құттықтап, кездесу аяғы әсерлі әңгімеге ұласты. Алқалы кездесуге келген мерей той иесіне облыс басшысы Нұрлан Ноғаев өнегеге толы өмір жолын айта отырып, жылы лебізін арнады. Жолдықайырова Мерует Жолдықайырқызы бар ғұмырын оқу-білімге арнаған жан. Жарты ғасырдан астам уақыт бойына өңірімізге танымал М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нде жұмыс жасай жүріп, қоғам өміріне белсене араласу көпке кіршіксіз үлгі дерсің.Сондай-ақ еңбек ардагері Мерует Жолдықайырқызы 1945 жылы Ұлы Жеңісті өңірімізге радио арқылы хабарлаған жан Ал, қазір өңіріміздің құрметті азаматы 90 жасты алқымдап отыр. Жолдықайырова Мерует Жолдықайырқызы өңір радиосының қазақ тілінде сайрауына алғашқылардың бірі болып үлес қосқан, КСРО Жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің громатасының, Қазақ КСРО Халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісінің, Еңбек ардагері медалі мен бұдан өзге көптеген медальдардің иегері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.