Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Николай қайта мектепке барады

c 17:38, 30/05/2019 c 658

0:00 / 0:00

Өткен жылы бір аптада үш көлік алып қашқан Николай Керцман өз қателігінен  сабақ алып, заңға қайшы әрекет жасамауға уәде берді. Ол үшінші сыныпты бітірді. Коляның әкесі баласы тәртібін бұзбаса алдағы туған күніне велосипед сатып алуға уәде берді. 8 маусымда  Николай 9 жасқа толады. Бұл күнді балдырған асыға күтуде. Өйткені, атасы мен әкесі оның жағымды мінезі мен жақсы сабақ үлгерімін көрсеткені үшін өзі қалаған сыйлықты алып беруге уәде берген. 3 сыныпты ойдағыдай аяқтаған Николайдың ұстаздары баланың бойынан жақсы қасиеттерінің ояна бастағанын айтады.  Оқу жылы аяқталған соң ол, үй шаруасына қолғабыс етіп жүр. Николайдың әкесі Александр  болса алдағы оқу жылында  ұлы қайтадан білімін сыныптастарымен бірге жалғастыратына қуанышты. Естеріңізге сала кетеміз, өткен жылы Керцмандар отбасы төрт көлік иесіне келтірілген шығынды өтеу қажет боолды. 6 тамызда 2-сынып оқушысы Suzuki көлігін айдап әкетіп, жол жиегінде тұрған Lada Granta-ға соқтыққан. 9 тамыз күні Коля Toyota шағын автобусын ұрлап әкетіп, көпір бағанына ұрынды. 12 тамыз күні бала тағы бір көлікті – Hyundai-ды мініп қашқан. Бетон бөгетке соғылып, оқиға орнынан тайып тұрған. Баласы кәмелетке толмағандықтан шығынды әкесі өтеді. 2019-2020 оқу жылында Николай өзі оқитын 26 ЖББОМ қайта білімін жалғастырмақ. Титімдей болса ұл бала өз қателігінен сабақ алғанын айтады. Деседе автокөліккее деген махаббаты әлі де ерекше көрінеді. Ер жеткен соң, өзінің жеке көлік жөндейтін орнымды салғым келеді дейді Николай.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.