Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Неге байлар байып, кедейлер кедейленіп жатыр?

c 18:26, 09/12/2020 c 784

0:00 / 0:00

Ұлттық банктен несие бойынша базалық процентті 4-5 пайызға төмендету талап етілді. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Азат Перуашев бастаған бір топ депутат Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа сауал жолдап, проценті шарықтаған несие халықты тақыр кедей қылғанын айтты. Айта кету керек, Ақ жолдың парламенттегі  фракция депутаттары Қазақстанда несиенің базалық проценті тым жоғары екенін бірнеше рет көтеріп келгенді. Енді Ұлттық банктің бұл талапты орындай алмай отырған себебі мәлім болды. Оның депутат Перуашев өзінің сауалында баяндап берді.

Несиелердің процентін төмендетуді талап етуден талмаған ақжолдықтар, «Альпари» агенттігінің зерттеуін  көріп, жағаларын ұстап отыр. Депутат Азат Перуашевтің айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банктен және қаржы нарығын реттеу агенттігінен халықты және ШОБ несиелендіру бойынша базалық процентті төмендетуді сұрап, алты рет сауал жолдаған. Алайда, олардан келген жауаптар тым құрғақ болды дейді депутат. Осы орайда Перуашев «Альпари» агенттігінің зерттеуін алға тартты.

«Альпари» агенттігінің өткен жылғы зертетуіне сүйенсек, Қазақстанда ересектердің 3,5 пайызы жылына 10 мың доллар табыс табады. Бұл дегеніміз 380 мың адам. Олардың депозиті бар болар. Әрине оларды қолдауымыз керек шығар. Алайда, депрзиті бар 3,5 пайыз үшін, халықтың қалған 96 пайызы проуенті шарықтаған несие төлеп отыр».

Сол сияқты, елдегі ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың да депозиті бар екенін ескрсек. Олар үшін шағын және орта бизнес қымбат несие алып, процент төлеуге мәжбүр дейді депутат.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар,кен орындарын басып отырған алпауыттар, мнополистердің де депозиті бар. Неге, олардың депозиттері бойынша жоғары кіріс үшін шағын және орта бизнесті тонап отыр? Бізге кавазимемлеекттік сектор, даму институттары, кен орындарын пайдаланушылар және монополистер бойынша заңды тұлғалардың депозиттегі үлесі бойынша ақпарат беріңіздер. Сонда біз, отандық кәсіпкерлер мен қара халықтың кімге жұмыс істеп, кімді тойдырып отырғанын білеміз».

Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа сауал жолдаған сауалында, мәжілісмен Перуашев,проценті шарықтаған несие халықты тақыр кедей қылғанын айтты.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Ұлттық банк пен қаржы нарығын ретету агенттігі бұл саясат әлеуметтік теңсіздікке, тоқырауға әкеліп соғатынын білмей ме? Байлар байып, кедейлер кедейленіп жатыр. Осыған орай жоғарыдан айтылғандар негізінде Ұлттық банктен несиенің базалық процентін 4-5 пайызға түсіруін талап етеміз».

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, Қазақстана ең бай 660 адам бар екен. Оның әрқайсысының есеп шотында 30 миллион доллар байлығы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.