Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВТЫҢ ДӘУІРІ БІТТІ МЕ?

c 19:05, 17/01/2023 c 99

0:00 / 0:00

Парламент «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Енді бұл заң Президентпен қол қойылған күнен бастап күшіне енеді. Яғни елді 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген барлық артықшылықтар тоқтатылып, ол тек экс-президент рентінде ғана тарихта қалады. Ал оның отбасына берілген кепілдіктер түгел күшін жояды. Осымен Назарбаевтың дәуірі бітті ме? Бұл сұраққа жауапты Астаналық тілшіміз Әселім Қалкеннің әзірлеген бейнематериалынан білесіздер. Парламент «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Енді бұл заң Президентпен қол қойылған күнен бастап күшіне енеді. Яғни елді 30 жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген барлық артықшылықтар тоқтатылып, ол тек экс-президент рентінде ғана тарихта қалады. Ал оның отбасына берілген кепілдіктер түгел күшін жояды. Осымен Назарбаевтың дәуірі бітті ме? Бұл сұраққа жауапты Астаналық тілшіміз Әселім Қалкеннің әзірлеген бейнематериалынан білесіздер.

Осымен «Елбасы мәртебесі туралы» Коснтиуциялық заңның күшін жою туралы мәселені Парламент шешіп тастады. Оның нақты нүктесін Президент қояды. Заңға қол қойылған күннен бастап қаншама жыл елбасы деп атап, табынатыны табынып келгендер бұл сөзді ұмытатын болды. Нұрсұлтан Назарбаев елбасы түгілі, тұңғыш перзидент деген атаудан да айырылды. Құрметті сенатор да емес енді. Назарбаевтың отбасы мүшелері, туған-туыстарының да енді алшаң басып жүруіне шектеу қойылып отыр. Оларға бұрынғыдай еш кепілдік жоқ. Экс-президенттің туыстарының заң алдында қандай да бір жауапкершілігі болса, тиісті жазаға тартылады.

Ал бұған дейінгі Елбасы заңындағыдай бүкіл жиған-терген мүлкі, байлығына да кепілдік жоқ.

Аталған заң жобасы жалпыұлттық референдум нәтижесінде Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленгенін еске салығымыз келеді. Дегенмен барлық иммунитеттен  айрылып отырған Назарбаев экс-президент туралы заңмен қорғалады. Президент жалақысының 80 пайызы көлемінде зейнетақы алады, мемлекеттік күзетпен, көлікпен қамтылады. Президент резиденциясында тұра алады. Сондай-а, экс-перзидентке тіл тіигізуге болмайды.

Ал  Елбасы кеңсесі, Елбасы кітапханасы, резиденцияларының тағдыры не болады? Алматы облысындағы ауылындағы мүліктер мемлекет меншігіне қайтарыла ма? Әділет министрінің айтуынша, Елбасы туралы заң күшін жойып отырғандықтан, заңнамада көзделген тәртіппен осы кеңсе, тағы басқа мәселелер жан-жақты қаралады. Ал резиденцияларға келсек, экс-президентке мемлекеттік саяжай көзделуі мүмкін. Сондықтан бұл заңнама шеңберінде шешіледі. Елбасы кеңсесі мен Тұңғыш Президент кітапханасы туралы да заң тәртібімен тиісті шешім шығарылады. Елді отыз жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевқа кезінде осы артықшылықтарды берген депутаттар, енді оны еш ауясыз тартып алып жатыр.

Әділет министрі Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы 20-дан аса заңға талдау жүргізілетінін айтты. Онда мәртебесіне, өкілеттігіне қатысты мәселелер реттелген. Елбасы мәртебесін жоюға арналған заң жобасын Сенаттан қатысқан  44 депутат,  Мәжілістен қатысқан 93 депутат түгел қолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.