Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұхтар Ажығұлов елбасының қолынан құрмет орденін алған жандардың бірі

c 00:00, 02/04/2015 c 634

0:00 / 0:00

Фашистерден туған елін қорғау жолындағы оның ерен еңбегі елеусіз қалмады. Оған өңіріне қадалған мына төс белгілер дәлел. Ардагер атамыз 1922 жылы 1-мамырда Бөкей Орда ауданының Батырбек ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде бастаған азамат 1942 жылы көппен бірге Отан қорғауға аттанады. Майдан сапында жүріп пулемет атуға машықтанады. Сталинград қаласын азат еткенен кейін, Мұхтар Ажығұлов балтық жағалауындағы Калиниград майданына аттанады. Кейін оң қолынан жарақат алғандықтан атқыштар полкын тастап, радио телеграфисіне ауысуға мәжбүр болады. Одан арғы қызметі барлаушы болуымен жалғасады. Жаудың туы жығылды деген қуанышты хабарды ардагер Балтық жағалауында жүріп естиді. Біздің жеңіске жетуімізге отанға деген махаббатымыз бен достығымыз әсер етті,-дейді ол. Соғыстан соң ол партия жұмысына араласады. 40 жылдан астам басшы қызметінде болады. Мұхтар Ажығұлов - бүгінде Орал қаласының, Бөкей орда, Сырым аудандарының құрметті азаматы. Биыл Ұлы жеңістің 70 жылдығында ақсақал елордада өтетін шеруге қатысуды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.