Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МҰНАЙ-ГАЗ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ КЕЛІСІМ-ШАРТТАРЫ АШЫҚ ЖАРИЯЛАНУЫ КЕРЕК»

c 09:46, 14/04/2023 c 105

0:00 / 0:00

Ақжолдық депутаттар Үкіметтен Қазақстанның жер қойнауын пайдаланып жатқан шетелдік компаниялардың өнімді бөлу туралы келісімшарт талаптарын ашық түрде жариялауды талап етті. Фракция жетекшісі Азат Перуашев бұған дейін үкіметтен мұнай және газ кен орындары – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған бойынша өнімді бөлу туралы келісімшарт талаптарын ашық түрде жария етуді сұрағанын, алайда инвесторлар келіспегенін айтады. Осылайша қазақстандық шенеуніктер халыққа тиесілі қазба байлықты шетелдік компаниялардың қалай пайдаланып жатқаны туралы ақпаратты халықтан жасырып отыр дейді Перуашев. Ол осы мәселеге қатысты сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа тағы да жолдады.

Азат Перуашев өткен жылғы референдумда Конституцияға «Жер жəне оның қойнауы басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі» деген норма енгізілгенін еске салды. Яғни, қазақстандықтар жерасты байлығын пайдаланып жатқан шетелдік компаниялардың табысы жайында толық ақпаратты білуге құқылы. Ең болмағанда Қазақстанға тиесілі бөлігінен хабардар боулы керек. Ақжол фракциясы үікметке бұған дейін де саула жолдап, Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану, оның ішінде шетелдік инвесторлармен жасалған ең ірі мұнай және газ кен орындары – Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған бойынша өнімді бөлу туралы келісімшарт талаптарын ашық түрде жария ету туралы сауал жолдағанды. Алайда, үкіметтің берген жауабында инвесторлардың келіспейтіндігі айтылған. Депутаттар бұл мәселені қайта көтеріп отыр.

Перуашевтің айтуынша, тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде ешбір шетелдік ивнестор бірді-бір мұнай өңдецу зауытын салған жоқ. Тек еліміздің байлығын сыртқа шығарып, сатып, пайдасын көріп жатыр. Ал мұнайдың үстінде отырған ел мұның несібесін көріп жатқан жоқ. Керісінше, Қазақстан өз мұнай-газынан тиісті табыс таппай, жыл сайын жағармай тапшылығын сезініп отыр. Ол аздай жанар-жағармайға баға өсіп жатыр. Ақжолдық депутаттар Смайыловқа нақты талаптарын жолдады. Шетелдік компаниялар игеріп жатқан жерасты байлығының 50 пайыздан астам үлесі Қазақстан халқына тиесілі болуы керек дейді олар. Яғни 30 жыл бұрынғы келісім-шарттарды өзгертетін уақыт жетті деп отыр депутат Азат Перуашев.

Сондай-ақ, инвесторларды өз жұмысында қолданатын құрал-жабдықтар мен саймандарды өндіруге арналған техникалық құжаттамаларды отандық өндірушілерге беру, осыған сәйкес шығарған өнімді сатып алу, жергілікті мамандар мен қазақстандық мердігерлерді қызмет көрсетуге максималды түрде тарту арқылы ұлттық экономикамыздың дамуына үлес қосуға міндеттеуді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.