Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мұғалім-мектептің жүрегі"

c 16:42, 04/10/2021 c 520

0:00 / 0:00

Қазан айының алғашқы жексенбісінде педагогтер кәсіби мерекесін тойлайды. Игі дәстүр биыл да өз жалғасын тапты. Ұстаздар елдің ертеңін тәрбиелейді. Жаңашылдыққа жаны құмар, үнемі ізденісте жүретін бұл мамандық иелеріне барлық әлем бас иеді.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов "Мектеп-жүрегі мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болмақ"-деп айтқан-ды. Бүгінде ел ертеңін тәрбиелейтін ұстаздар үлкен құрметке лайық. Олардың өлшеусіз еңбегі-ел болашағын қалыптастыру. Шәкіртін білім нәрімен сусындатуда бар уақыты мен күш-жігерін сарп қылатын ұстаздарды еңбегі ұшан-теңіз. Педагогтердың кәсіби мерекесінде білім беру мен бала тәрбиесінде өзіндік қолтаңбасы бар ұстаздарға құрмет көрсетілді. Оларға арналған арнайы салтанатты жиын өтті.

Кәсіби мереке қарсаңында ұстаздар арасында "Құрметті педагог" байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша №38 Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Шуланбаева Гүлнәр бас жүлдеге ие болып, оған 875 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Осы байқауға қатысқан өзге педагогтерге 100 мың теңгелік сертификат табысталды. "Құрметті педагог" байқауы қалада 2-ші рет ұйымдастырылды. Жалпы Орал шаһарында 4985 мұғалім бар. Оның 80 пайызға жуығы биыл жұмысқа қабылданған жас мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.