Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Министр кешірім сұрады

c 10:00, 14/04/2020 c 626

0:00 / 0:00

Еңбек Біржан Нұрымбетов  әлеуметтік жәрдемақының кешіктіріп жатқаны үшін кешірім сұрады. Министр бүгін өткен онлайн брифингте төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан азаматтарға беріліп жатқан 42500 теңгенің аясындағы проблемаларға тоқталды. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша жұмыссыз қалған азаматтардан 3 миллион 700 мың өтініш келіп түскен. Алайда, өтініш бергендеріне екі аптадан асып кеткен қазақстандықтар әлі күнге дейін бұл көмекке қол жеткізе алмай жатыр.Оның себеп-салдарын министр Нұрымбетов былай деп түсіндіруге тырысты.

Ел басына күн туып, қауіпті індеттің кесірінен жұмыс тоқтап, млндаған адам табысынан айырылып жатыр. Осы сәтте ел Президенті жұмыссыз қалғандарға уақытша көмек ретінде 42500 теңгеден қолдау көрсетуді Үкіметке тапсырғаны мәлім. Алайда, құзырлы орган бұл мәселені тез арада жүзеге асыра алмай жатыр. Әу баста бұл көмекке өтініш білдіретін порталдар дұрыс істемей халық әбден әбігерге түсті.  Одан кейін бірнеше сайттар іске қосылып, бүгінгі күні 3 млн 700 мың қазақстандықтан осы қолдауға өтініш келіп түскен. Қазір  өтініш білдіріп жатқандар саны 5 млнға жуықтады дейді министр. Бірақ өтініш білдіргендеріне 2 аптадан асып кетсе де қазақстандықтар әлі күнге дейін бұл көмектің шоттарына келіп түспегенін айтып шағымдануда. Ал бұған дейін еңбек министрі өтініш берілген күннен үш күнде ақша шотыңызға түседі деген таудай уәдесін айтқанды. Енді Нұрымбетов халықтан кешірім сұрап отыр.

Тағы бір мәселе, өтініш білдірген азаматтар  жеке куәлігінің мәліметтерін, телефон нөмірлерін дұрыс көрсетпей жатыр екен. Мұндай 60 мың өтініш жатыр дейді министр. 83 мың азамат банк есепшотын қате көрсеткен немесе жабылып қалған банктің шотын жазып жіберген.Ал бір миллионнан астам адам соңғы он екі айда бірде-бір аударым жасамаған. Яғни бұл азаматтардан осы кемшіліктер үшін  өтініш қабылданбайды.

42 500 теңге алуға өтініш бергендердің  1 миллион 200 мыңының өтініші қайталанып келген. Ал 1 миллион 800 мыңға жуық  адам мемлекеттік көмек алды. Бұл үшін Ұлттық қордан 75 миллиард теңгеден аса ақша бөлінді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.