Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МИГРАНТ ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҚАЗАҚСТАНҒА КІРМЕКШІ БОЛДЫ»

c 23:57, 28/03 c 21

0:00 / 0:00

Көршіде орын алған қайғылы жағдайдан соң, құзырлы органдар Қазақстандағы қауіпсіздік мәселесіне аса назар аударып жатыр. Президент те тапсырма берген болатын. Ішкі істер министрінің орынбасары Лепеханың айтуынша, ауданы 500 шаршы метр болатын нысандар террористік тұрғыдан осал болып табылады. Енді министрлік елдегі адам көп жиналатын барлық концерт залдары мен ірі сауда орындарын қайта тексермекші.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА – ҚР ІШКІ СІТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бүгінде сауда үйлері, концерт залдары терроризм қаупі бар нысандарға жатады. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын объектілер террористік тұрғыдан осал нысандар категориясына жатады. Сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары бар. Жалпы мұндай жерлерде адам көп жиналады. Бұрын ұйғарым берілген объектілерді тексереміз, ал тексерілмеген нысандар болса, оларды тағы тексереміз. Қалған нысандардың иелерімен сөйлесіп, оларға кеңес береміз».

Сондай-ақ, құзырлы органдар елге келіп жатқан шетелдіктерді, мигранттарды бақылау жұмысын да күшейтпек.Елге келіп жатқан мигранттардың басым бөлігі бақылаусыз қалып жатады. себебі бұлар арзан жұмыс қолы болғандықтан, көп жағдайды оларды жұмыс беруші тіркемейді. Дегенмен, мигранттардың қылмысқа барып жататын деректері де баршылық. Олар көбінесе құрылыста, егіс алқаптарында жұмыс істейді. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға келіп жатқан шетелдіктер саусақ ізі арқылы тексеруден өтіп жатыр. Мәлім болғандай мигрант қылмыскерлер ел аумағына кірмекші болған.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА – ҚР ІШКІ СІТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазақстанға келген шетелдіктер дактилоскопиядан өтуге міндетті. Жыл басынан бері елімізге келген 10 қылмыскер ұсталды. Олардың адам өліміне қатысы жоқ»

Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай елдерінен елімізге мигранттар көп келеді. Тек осы жылдың өзінде көші-қон заңын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мың адам елден шығарылды. Заңды бұзғандардың басым бөлігі – Өзбекстан азаматтары дейді Игорь Лепеха. Сондай-ақ, вице-министр теракт болған жағдайда қазақстандықтар өін қалай ұстау кеерктігін айтты.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА – ҚР ІШКІ СІТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Мұндайда ақыл-кеңес беру қиын... Үрейленбеңіз, байбалам салмаңыз, оқиға орнынан кетуге тырысыңыз. Мүмкіндік болса, жасырынып қалыңыз. Егер тиісті құзыретіңіз болмаса, батырлық танытудың қажеті жоқ. Мәскеудегі жағдайды біз бақылап отырмыз. Біз қазір Оқу-ағарту министрлігімен тиісті алгоритмді бекіттік. Мұғалімдер сыныптың есігін бекітіп, сыртқа шықпауы тиіс және терезелерден алыс болғаны жөн. Бастысы үрейге бой алдырмаңыз және оқиға орнынан тез кетуге тырысыңыз. Қиын жағдай».

Ресей тергеу комитетінің хабарлауынша, Мәскеу түбінде орын алған терактіден 139 адам қаза тапты, 180 адам зардап шекті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.