Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мердігер неге жауапсыз?!

c 11:58, 11/04/2018 c 798

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы 9шы шағын ауданның тұрғындары аяқсыз қалған істің азабын тартып отыр. Өткен жылдың күзінде басталған кәріз желісін өткізу жұмыстары аяқталысымен, жол да сол күйі қалыпты. Айқұш-ұйқыш болып қазылған терең орға көлік те, тұрғындар да түсіп кете береді. Осы қиындықтың салдарынан бүгінде тіпті жедел жәрдем де Бутин көшесіне кіре алмайды.

Мәжиден Бутин көшесінің кейпі қазір осындай. Кәріз жүйесін өткіземіз деген жұмысшылар жер-жерді қазып, осындай күйге келтіргелі 6 айдың жүзі болыпты. Салдарынан адам аяғы баса алмас, көлік жүрсе батып қалатын, сұрықсыз жолдан тұрғындар азап шегуде. Тұрғындардың қызып тұрған тіршілігі де тоқтап қалғандай, халық көлігін үйлеріне жеткізе алмай дал.

Бірер күн бұрын бұның барлығы ми батпаққа айналғаны да жасырын емес. Тұрғындар әсіресе ойын балалары мен жаяу жүргіншілердің абайсызда апанға түсіп кетуінен қорқады. Ондай жағдай да бірнеше мәрте қайталанған.

Тұрғындар мұңын тыңдаған соң мердігер мекемемен біз де хабарласып көрдік. Телефон тұтқасын алған бетте компания өкілі жер кепкен бойда мәселенің шешілетіндігін айтып бақты. Түптің түбіне келгенде, бар мәселе ауа райына келіп тірелді.

Біз де жауапты мекеме мойынына алған ісін қолымен көтеріп, берген уәдесін орындайды деп сенеміз.

 

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.