Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Менің Отаным-Қазақстан" оқушылар слеті өтті

c 17:11, 18/03/2022 c 613

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Менің Отаным-Қазақстан" туристік экспедициясының слеті аяқталды. Шараға 11 ауданнан оқушылар қатысты. Слет үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Бірі-өлкетану бағыты, екінші бағыт-туристік блогқа арналса, үшінші бағыт-шығармашылықты дамытуды көздеді.

"Менің Отаным-Қазақстан" слетінің облыстық кезеңі аяқталды. Облыстық турнирге 11 ауданның оқушылары қатысты. Жарыс үш бағытта ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар өлке тарихын түгендеп, белгілі бір уақытта жартасқа өрмелеп, туристтік машықтарын пысықтап, бард әндер шырқады. Оқушылардың слеті соңғы екі жылда пандемияға байланысты ұйымдастырылмады. Сала мамандары жыл санап туризм саласына қызыққан балалардың қарасы артып келе жатқанын айтады. Қазіргі таңда облыста 20 мың бала туризм үйірмелеріне қатысады екен. Десек те, осы салада проблема да бар.

Жарысқа 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысуда. Бір командада 8-10 бала бақ сынайды. Олар белгіленген уақытқа тік жартасқа ұқсас қабырғаға өрмелеп шығып, барлық нормативті орындауы шарт.

Облыстық слет нәтижесі бойынша командалық есепте Бәйтерек ауданы бас жүлдені қанжығалады. Осы сайыста үздік нәтиже көрсеткен оқушылардан облыстық құрама жасақталмақ. Облыс біріншілігі сапындағылар қыркүйек айында өтетін республикалық сайысқа жолдама алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.