Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесі

c 16:50, 25/06/2018 c 1046

0:00 / 0:00

23 маусым - еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Сондай-ақ биыл ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңының қабылданғанына 20 жыл. Атаулы датаға орай Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өңірдегі маңдай алды сала мамандары марапатталды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Облыста 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Олардың 14-і Президенттің «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып, ел мүддесіне қызмет етуде. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес елімізде мемлекеттік қызмет жетілдіріле түсуде. Меритократия қағидасын сақтап, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру қолға алынуда. Мәселен, әр тоқсан сайын ашық әкімдік шарасы өткізіліп, тұрғындарды толғандырған мәселер жариялы түрде шешімін тауып келеді.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ - БҚО ӘКІМІ:
"-Меритократия қағидасы мен ротацияға сәйкес соңғы екі жылда орталық - өңір, өңір - орталық және облыстағы сондай жүйемен мемлекеттік құрылымдарда 100-ге жуық басшы тағайындалды. Олардың 95 пайызы - жергілікті кадрлар".

Салтанатты шарада өңір басшысы мемлекеттік қызметшілер білімін жетілдіру де басты назарда екенін де тілге тиек етті. Салтанатты жиын барысында сала үздіктеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында екі ай көлемінде өткізілген облыстық спартакиада жеңімпаз-жүлдегерлері марапатталды. Мәселен, Орал қаласы әкімдігінің құрамасы жүлделі бірінші орынды қанжығаға байласа, екінші орын облыстық әкімдік қызметкерлеріне, үшінші жүлде- Бөрліліктерге бұйырды. Салтанатты шара жергілікті өнерпаздар қойған концерттік бағдарламамен тәмәмдалды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.