Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мектептерде орын тапшы

c 00:41, 05/06/2020 c 801

0:00 / 0:00

2025 жылы мектептерде 500 мың балаға орын жетпей қалуы мүмкін. Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің болжауынша, мектептердегі орын тапшылығы демографиялық және миграциялық процестен орын алады. Бүгіннің өзінде елде 168 мың орын жетпей жатыр. Соның салдарынан 183 мектеп үш аусымда оқытуға мәжбүр. Бұл проблеманы шешу үшін, 800 мектеп салу жоспары бар. Ал бұл білім ордаларының құрылысына 800 млрд теңге қажет. Сондықтан бір аусымдық мектеп жүйесіне көшу әзірге мүмкін емес. Мектеп мәселесі бүгін білім министрінің халық алдында онлайн есеп беру барысында  айтылды.

Мектеп мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Жылда жаңа мектептер құрылыс бой көтеріп жатса да, орын тапшылығы сақталуда отыр. 170 мыңға жуық орын жетпейді. Үлкен қалаларда мектептер үш аусымда оқытуға мәжбүр. 1500 оқушыға арналған білім ордаларында 3 мың балаға дейін оқиды. Бір сыныпта 40 балаға дейін отырады. Ата-аналар тарапынан бала саны көп сыныпта сапалы білім жоқ деген шағымдар жиі айтылуда. Үш аусымды мектептер мәселесін шешу алдағы төрт жылдың еншісінде. Айта кету керек, Қазақстанда 1920 жылы бой көтерген, саман кірпішпен салынған мектептер жұмыс істеп жатыр.

Асхат Аймағамбетов – ҚР білім және ғылым министрі; «Елімізде 54 апатты, 183 үш аусымда оқытып жатқан мектеп бар. 168 мың орын тапшы. Демографиялық өсім мен көшіп-қону процесінен қалаларда жағдай қиындады. 2025 жылы мектептерде 500 мың  орын тапшы болуы мүмкін».

Мектеп мұғалімдерінің жалақысын өсіру мәселесі шешілгенімен, сол білім ордаларын басқарып отырған директорлардың еңбекақысы әзірге өзгеріссіз қалды. Білім министрі директорлардың жалақысын өсіру үшін, олардың кәсіпөойлғына көз жеткізу қажет дейді. Ал ол үшін директорлар тест тапысратын болады. Сынақтан өте алмаса қызметінен босатылады.

Аймағамбетов білім беру ошақтары директорларының жалақыларын өсіру арқылы, олардың жемқорлыққа бармауына жол бермеуді ұсынып отыр.  Сондай-ақ,онлайн есеп беру барысында  инклюзивті білім беру мәселесі де сөз болды. Министр бұл мәселеге материалдық жағынан ғана қарамауымыз керек. Себебі, мұнда ең маңыздысы – пандус орналастыру емес, бастысы – бағдарлама, қоғамның дайындығы, педагогтардың сол балалармен жұмыс істеуге келетін құзыреттілігін дамыту мәселесі тұр деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.