Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медициналық тексеріс

c 17:29, 24/09/2020 c 504

0:00 / 0:00

Дәрігерлер қала тұрғындарын уақытылы скрингтен өтуге шақырады. Дер кезінде профилактикалық тексерістен өткен адамның өмірін құтқарып қалуға болады,- дейді ақ халаттылар. Өйткені тексерістің арқасында көптеген аурулар ерте кезінде анықталады. Бұл өз кезегінде емді ерте бастап, адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігін ұлғайтады.

Қаланың орталығында орналасқан №3 емханаға келіп, скринингтік тексерістен өтетін жандардың қарасы қалың. Азаматтардың көбі осы тексерістен өтудің маңыздылығын түсінеді. Медициналық тексеріс барысында ауруды ерте анықтауға болады. Көбіне тек осындай тексерістен сүт безінің обыры, қант диабеті, глаукомамен өзге де сырқат анықталып жатады.

Емханада тегін тұмауға қарсы екпені де алуға болады. Дәрігерлер вакцинаның қауіпсіз, әрі ауыртпайтынын айтады. Сол себепті балалар да бұл екпені қабылдайды. Қазіргі таңда екпе алам деген жандардың қарасы көбейген. Бірақ аталмыш вакцина адамның ауруға шалдықпайтынына толыққанды кепілдік бермейді. Тек ауырған жағдайда сырқат асқынбайды. Дәрігерлер екпеден бас тартқандардың жағдайын күрделі мәселе болып отыр,- дейді.

Және дәрігерлер 15-ші қыркүйектен бастап емханаға тіркелу басталғанын мәлімдеді. Тұрғындар емханаға келіп, тіркелуіне болады.

Қаланың барлық емханаларында Скринингтен өтіп, екпе алуға болады.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.