Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Масленица мейрамы басталды

c 18:34, 12/02/2018 c 988

0:00 / 0:00

Бұл пұтқа табынушылық заманынан келе жатқан ежелгі мейрамды славян халқы бір апта тойлайды. Алғашқы күні бір-біріне қонаққа барып, апта соңында жақын жандардан кешірім сұрайды. Ежелгі мереке Жайық өңірінде әлі күнге дәстүр бойынша жалғасып келеді. Масленицаның нақты датасы жоқ. Әр жылы әр түрлі уақытта Пасхадан бір апта бұрын тойланады. Өзінің пұтқа табынушылық тамырына қарамастан Масленица – нағыз діни мейрам, ол ауыз ашардың келгенін білдіреді. Соған қарамастан пұтқа табынушылық дәуірінен келе жатқан мереке бүгінде славян халқының бір дәстүріне айналған. Құймақтар-мерекенің басты символы. Бір апта бойы дәстүр бойынша мерекені тойлаушылардың дастарханынан құймақ үзілмейді. Діни наным-сенім бойынша күн көзінің шапағы іспеттес саналған тағам әдеттегіден әлдеқайда жұқа және дөңгелек пішінде пісірілуімен ерекшеленеді. Егер Масленицаны салтанатты, қызықты және жайбарақат өткізсең, келесі жылда сенің ісің алға басып, мол табысқа қол жеткізесің деген ұғым бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.