Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Славяндар қысты шығарып салды

c 15:28, 19/02/2018 c 785

0:00 / 0:00

Оралдағы мәдениет және демалыс саябағында ежелден бері келе жатқан «Масленица» мейрамыкең көлемде аталып өтті. Жұртшылықтың мерейін тасытып, қуанышқа бөлеген көңілді мерекелік бағдарлама таңнан кешке дейін жалғасты. Ежелден келе жатқан славяндық қысты шығарып салу мерекесі театрландырылған көрініспен нақышталды. Саябақ ішінде әсем ән әуелеп, жақсы тілектер айтылды. Ақжарма тілегін жұртшылыққа облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов та жеткізді. Масленица бұл жолы да қызыққа толы болды. Демалыс орнында жәрмеңке ұйымдастырылып, онда келушілер мерекенің басты дәмі - құймақтан дәм татып жатты. Самаурын қайнап, кәуап пісірілген соң, түрлі байқауларға да кезек беріліп, жеңімпаз-жүлдегерлерге сый-сияпаттар табысталды. Осылайша көтеріңкі көңіл-күймен серуендеген оралдықтар қысты шығарып салды.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.