Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Масленица басталды

c 16:48, 05/03/2019 c 839

0:00 / 0:00

Славиян халықтарының сүйікті мерекесі Масленица басталды.Бір жұма бойына қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алу бағытында тойланатын бұл мереке Орал қаласында да кеңінен тойланады.Осы күні славиян халқының өкілдері ән айтып, би билеп қысты шығарып салу салтанатын атап өтеді.Бүгін Е.Пугачев музей үйінде дәстүрлі масленица мерекесі аталып өтті. Славиян халықтарының түсінігінде қысты қалай шығарып салсаң жыл солай берекелі болады деген ұғым бар.Осы ұғым аясында олар көктемнің басында қысты шығарып салу мерекесі, яғни Масленицаны атап өтеді.Е.Пугачев музейінде бүгін мектеп оқушылары осы мерекеге орай театрландрылған қойылым қойып, келушілерді тәнті етті.
Маслиницаның басты тамағы бұл құймақ.Тәтті құймақтар тоқшылықтың белгісі дейді славяндар.Және бұл күні ән салынып, би биленуі қажет.Егер Масленица жақсы тойланса көктем шуақты болып, егін бітік өседі деген ырымдары да бар.
Бұл мерекеде тұлыпты өртеп жіберу сәтін асыға күтеді.Егер тұлып лаулап жанып кетсе, онда қыс тез кетіп, көктем ерте шығады деген ырым бар.Ал, егер керсінше болса қыс ұзап кетеді деп ырымдайды славиян халқының өкілдері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.