Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МАРҚҰМ С.НҮКЕНОВАНЫҢ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ФОТОСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

c 15:30, 30/03 c 22

0:00 / 0:00

Жәбірленуші бұл фотоны әуелі сотқа, айыпталушы тарапқа, содан кейін алқабилерге ұсынды. Айтбек Амангелдінің айтуынша, ол қарындасынан осы фотоны алғаннан кейін күдікті Бишімбаевпен кездесуге барып, екеуара жанжал болған. Одан әрі Салтанатты іздеп сол үйдегі екінші пәтерден тапқан. Бірақ марқұм Салтанат ағасына ермей қалып қойған. Бұл 2023 жылдың 20-21 күндері орын алған оқиға. Салтанат ағасынан жеке өміріне араласпауын өтінген. Қарындасымен вотсаптағы жазбада Айтбек Амангелді сол кезде-ақ Бишімбаевтан қауіп барын сезінген.

АЙТБЕК АМАНГЕЛДІ – МАРҚҰМ С.НҮКЕНОВАНЫҢ АҒАСЫ «Мен оған жаздым: Ол сені өлтіреді. Салтанат жазды: Онсыз өмір сүре алмаймын. Мен жаздым: өз психологыңмен сөйлес, фотоны көрсет. Ол жазады: Егер ажырассам өмір сүре алмаймын. Мен психолог саған бұл махаббат емес, психологиялық ауытқу екенін айтады дедім. Өзіңді қор қылма дедім. Салтанат: Күйеуім ғой деп жазды. Мен жаздым: заңды некеде жоқсыңдар.»

Не керек ағасы сот отырысы барысында қарындасының күйеуімен арада орын алған бірнеше жанжалды баяндап берді. Жәбірленуші тараптың айтуынша, кейін Салтанат өзін қауіпсіздікте сезінбейтінін, ұйқысы қанбайтынын айтқан. Енді Қуандықпен бірге болғысы келмейтінін жеткізді. 2023 жылы 8 рет кетіп қалып, туғандарының үгіттеуіне қарамастан күйеуіне қайта оралған. Ең соңғы рет Салтанатты 15 қазанда көрдім. 26 қазанда анам Астанадағы мешітте түсірілген фото жіберді. Ол жерде Қуандық пен Салтанаттың неке қидырғанын білдік, - дейді ағасы. Сот отырыс барысында күдікті Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанаттың Қуандыққа дейін қарым-қатынаста болған жігіті жайында сұрақ қойды. Оның аты-жөнін атауды сұрады. Жәбірленушінің адвокаттары бұл сұрақтың сот ісіне еш қатысы жоқ деп отыр.

Алайда, сотта күдіктіні қорғап отырған қорғаушылар Бишімбаев пен Нүкенованың арасындағы жан-жал марқұмның өткен өміріне қатысты болғандықтан бұл сұрақ орынды дейді.

ЕРЛАН ҒАЗЫМЖАНОВ – Қ.БИШІМБАЕВТЫҢ АДВОКАТЫ «Бұл Бишімбаевтан жауап алғанда белгілі болады. Сондықтан жәбірленушіге осы сұрақты қойдым. Айыптауда Салтанаттың бұрынғы жігітімен қарым-қатынасына қатысты қызғаныш туып екеуара жанжалға себеп болғаны айтылады».

Ағасы қарындасының қайтыс болғаны жайында оның құрбысынан естіген. Бірақ ол сенбей Салтанатқа хабарласа бастаған. Телефоны қай жерде екенін қарадым, Тұран көшесіндегі үйінде екенін көрсетті. Қуандық, Бақытжанға, басқа да туыстарына хабарласа бастадым, ешкім жауап бермеді», - дейді Айтбек Амангелді. Артынша жәбірленуші полицияға хабарласып, қарындасы үшін алаңдайтынын айтқан. Сол сәтте полиция бұл ақпаратты растаған. Қайғылы оқиға орынна келіп барып көз жеткізген. Айта кету керек, азаматтық некедеге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айыпты кұдікті Қуандық Бишімбаев мойындап отырған жоқ. Экс-министрге қатысты сот ісі алқабилердің қатуысымен өтіп жатыр. Алқа билерді фото, бейнетүсірілімге түсіруге, олардың түрін көрсетуге және алқабилерден сұқбат алуға тиым салынған. Сот ісі дан әрі жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.